Соңғы жылдары біздің облыс білім беру инфрақұрылымын жүйелі түрде жетілдіруге баса назар аударуда. Мысалы, өткен жылы 13 жаңа білім беру ғимараты пайдалануға берілді. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында 10 мектеп салу жоспарланып, бүгінгі күні 3 000 орындық 6 мектеп ашылды, ал қалғандары да жыл соңына дейін пайдалануға беріледі. Сонымен қатар, физика-математика мектеп-интернаты, облыстық музыкалық колледждің жаңа ғимараты және оқушылар сарайлары мен өнер мектептері салынып жатыр.