1 Ноя 2025, Сб

ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ ОБЛЫС КӘСІПКЕРЛЕРІН ҚОЛДАУДЫ ЖАЛҒАСТЫРУДА

Түркістан облысында кәсіпкерлікті дамытуға серпін беріп отырған «Оңтүстік» аймақтық инвестициялық орталығы өңір экономикасының басым бағыттарындағы жобаларды қаржыландырып келеді. Серіктестік кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие ұсынып, өңірдің даму бағдарламаларына енген жобаларды жүзеге асыруға үлес қосуда.