Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына орай Түркістанда кезекті рет тұрғындарды қабылдау шарасы өтуде. Бүгінгі қабылдау Жеңіс саябағында ұйымдастырылды. «Заң және тәртіп» қағидасына негізделген кездесуде азаматтар өздерінің құқықтық мәселелерін көтеріп, мамандардан нақты жауап алды.