14 Окт 2025, Вт

«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП»КӨЛЕҢКЕЛІ ЭКОНОМИКА МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында «Заң және тәртіп: көлеңкелі экономикаға қарсы күрес бағыты бойынша атқарылған іс-шаралар» тақырыбында баспасөз конференциясы өтті. Іс-шарада Жамбыл облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаменті басшысының орынбасары Самат Қойбақов осы тақырып аясында мәлімет беріп, баяндама жасады.