14 Окт 2025, Вт

ЖӘРМЕҢКЕГЕ 30 ТОННАДАН АСТАМ ӨНІМ ҚОЙЫЛДЫ

Түркістан қаласында азық-түлік жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Кезекті сауда-саттық «Яссы» мөлтек ауданында өтті. Аптаның әр жұма күні тұрақты түрде өткізіліп келе жатқан сауда алаңында азық-түлік бағасы нарықтағыдан 30-50 пайызға дейін төмен саудаланды.