7 Июн 2025, Сб

ЖҰМЫСҚА ТАРТУ АРҚЫЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОЛДАУ ЖҮЙЕЛЕНІП ЖАТЫР

Келес ауданында мүгедектігі бар жандарды қолдауға ерекше мән берілуде. Бұл бағытта Келес аудандық мансап орталығы арқылы жүйелі жұмыстар жүзеге асырылып келеді. Аталған орталық азаматтардың әлеуметтік бейімделуіне, табыс табуына және қоғам өміріне белсенді араласуына мүмкіндік беретін бірқатар қолдау шараларын ұсынады.