19 Июл 2025, Сб 9:44:44 PM

ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮЙЕЛІ ЖҮРІП ЖАТЫР

Мақтаарал ауданында мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылып келеді. Бұл топтағы азаматтардың қоғамнан шет қалмай, өз мамандығы бойынша еңбекке араласуы – аудандық мансап орталығы қызметкерлерінің басты назарында. Соңғы жылдары мемлекеттен берілетін түрлі әлеуметтік қолдаулар мен арнайы жұмыс орындарының арқасында мүмкіндігі шектеулі емес, мүгедектігі бар жандардың еңбекке араласу көрсеткіші біршама артқан. Соның жарқын бір мысалы – тігінші Махсуда Маматқұлова.