27 Июн 2025, Пт

ЖҮРЕКПЕН ІСТЕЛГЕН ІС — ЖЕТІСТІККЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ

Мақтаарал ауданы, Атакент кентінің тұрғыны Жаңабай Жақсыбайұлы бүгінде елге сыйлы, еңбекқор азаматтардың бірі. Ол өзінің тынымсыз тіршілігімен, маңдай терімен табысқа жетіп отырған көлік жөндеуші шебер. Былтыр аудандық мансап орталығы арқылы қайтарымсыз мемлекеттік грантқа ие болып, өзінің жеке көлік жөндеу шеберханасын ашқан. Қазір шеберханасы табыс әкеліп қана қоймай, отбасын асырауға да толық жетіп отыр.