27 Июл 2025, Вс

ЖҮРЕГІ ЖЫЛУҒА ТОЛЫ ӘКЕ

Әке болу – тек атақ емес, жауапкершілік. Ал ерекше балаға әке болу – екі есе мейірім мен төзімді талап ететін тағдыр сыны. Осындай асқақ міндетті абыроймен атқарып жүрген жан – Барат Ақжігітұлы. Өмірінің бір бөлігі ішкі істер саласымен тығыз байланысты. Он жыл бойы ел тыныштығын күзетіп, қызметтік борышын адал атқарған азамат бүгінде қызын бағып-қағып, әр күніне шүкіршілік етіп отырған ардақты әке.