Тараз қаласында жібек құртын өсіру ісін қайта жандандыруға арналған дөңгелек үстел отырысы өтті. Іс-шараға Тараз қаласының әкімі, ауыл шаруашылығы және кәсіп саласының мамандары, қатысты. Бұл бастама – ауылдық аймақтардағы әйелдердің экономикалық белсенділігін арттыруға бағытталған, гендерлік теңдік қағидаттарына негізделген маңызды әлеуметтік-экономикалық жоба.