ҚР Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің ұйымдастыруымен «Таразтрансэнерго» МКК нысандарына пресс-тур өтті. Пресс-турға депутаттар, «Атамекен» ҰКП мен «Amanat» партиясының өкілдері, қоғамдық бірлестіктер және БАҚ өкілдері қатысты. Басты мақсат — облыс орталығының мыңдаған тұрғынын жылумен қамтамасыз ететін М-1 жылу магистралінің қайта жаңарту барысымен танысу.