Бүгін Тараз қаласында облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен Аппараттық кеңес отырысы өтті. Күн тәртібіндегі негізгі мәселе – жол құрылысы жұмыстарының ағымдағы жағдайы және алдағы қысқы кезеңге дайындық болды. Баяндаманы Облыс әкімдігінің Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Мұрат Саурықов жасады.