21 Май 2025, Ср 1:12:18 AM

«ЖЕҢІС МҰРАГЕРЛЕРІ: ЕРЛІК ЖОЛЫН ЖАЛҒАҒАН САРБАЗ»

Мамандық таңдау – әрқашан жауапты қадам. Қазақстанның әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлеріндегі радиотехникалық батальон командирі, подполковник Ермек Жұбатқанов үшін бұл таңдау оның отбасының тарихымен тығыз байланысты болды. Ол үшін ерлік пен Отанға адалдықтың үлгісі – Ұлы Отан соғысын басынан аяғына дейін өткерген қос атасы еді.