Тараз қаласындағы «Баласағұн» орталық концерт залында Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Жеңіс туы желбіресін» атты гала-концерт өтті. Бұл шара соғыс ардагерлері мен тыл еңбеккерлерін еске алуға арналған облыстық шығармашылық байқаудың қорытындысы болды. Мерекелік безендірілген концерт залына ардагерлер, қоғам белсенділері мен жастар жиналды.Сахнада «Ардагерлер орталығы» хоры және өзге де шығармашылық ұжымдар соғыс жылдарындағы патриоттық әндерді орындады. Сонымен қатар көрермендер назарына Ұлы Отан соғысындағы халық ерлігіне арналған әсерлі би қойылымдары ұсынылды