1 Июн 2025, Вс

ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР –ЖЕТІСТІК БАСТАУЫ

https://www.instagram.com/p/DKMseaqsjBL/?igsh=MWI2c2s3cGswa3h3ag==

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен егін шаруашылығына енгізілген жаңа технологиялардың тиімділігін арттыру мәселесі талқыланған мәжіліс өтті. Аймақ басшысы жауапты сала жетекшілеріне нақты тапсырмалар беріп, инновациялық әдістерді кеңінен қолдануды, су ресурстарын үнемдеуді және мемлекеттік қолдау шараларын тиімді ұйымдастыруды жүктеді.
«Жаңа технологияларды енгізу ауқымын кеңейте беру қажет. Бұл – өнімділікті арттырып, шығынды азайтуға мүмкіндік береді. Су үнемдейтін әдістерді, әсіресе электронды су өлшеу құрылғылары мен жерді лазерлік тегістеу технологияларын барлық ауданда қолдану керек. Шаруаларға берілген несиелер мен субсидиялардың нәтижесін қадағалап, олардың тиімді жұмсалуын бақылаңыздар»,– деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Айта кету керек, аймақта егін шаруашылығына енгізілген жаңа технологиялардың тиімділігі байқала бастады. Заманауи әдістер шығындарды азайтып, өнім көлемін арттыруға оң әсерін тигізуде. Мысалы, аралдық шаруалар 30 жыл бойы пайдаланылмай келген алқапты айналымға қосып, бақша егіп, оны жабынды астында өсіруді қолға алды.
Дереккөз:Қызылорда облысы әкімдігі парақшасынан