4 Сен 2025, Чт

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫ ЖАҢА НЫСАНДАРМЕН БАСТАЛДЫ

1 қыркүйек – Білім күні Жамбыл ауданы тұрғындары үшін айрықша қуанышқа толы болды. Бәйтерек пен Шайдана ауылдарында жаңа мектептер пайдалануға беріліп, Аса ауылындағы үш мектеп ауласында кіші футбол алаңы ашылды.