Түркістан қаласында биыл төрт мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Солардың бірі – Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясы. Мектеп 1989 жылы пайдалануға берілген бұл білім ұясында бүгінде 1800-ден астам оқушы білім алуда. Отыз алты жылдан кейін алғаш рет үлкен жөндеуге кіріскен мектептің жағдайын көрейік.