1 Сен 2025, Пн

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Жамбыл облысының білім беру объектілерінің жаңа 2025-2026 оқу жылына дайындығына арналған брифинг өтті. Жиынға Жамбыл облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің басшысы Байділда Шыналиев қатысып, баяндама жасады.