Түркістан облысында жаңа оқу жылына дайындық қызу жүріп жатыр. Дәстүрлі тамыз кеңесінде өңірдің білім беру саласындағы негізгі бағыттары мен стратегиялық жоспарлары таныстырылды. Жиында облыс әкімі Нұралхан Көшеров мектеп құрылысы мен мұғалімдердің біліктілігін арттыруға қатысты нақты шараларды атап өтті.