27 Авг 2025, Ср

ЖАҢА ОҚУ ЖЫЛЫНА ДАЙЫНДЫҚ

Меркі ауданында жаңа оқу жылы қарсаңында дәстүрлі ұстаздардың тамыз конференциясы өтті. «Білім келешегі: Адал азамат, кәсіби маман» тақырыбындағы алқалы жиынға аудан мектептерінің ұстаздары, ардагер педагогтар, зиялы қауым өкілдері, құқық қорғау органдарының өкілдері мен қадірлі қонақтар қатысты.