9 Сен 2025, Вт

ЖАҢА АВТОМАТТАНДЫРЫЛҒАН КІРПІШ ЗАУЫТЫ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Түркістан облысы Ордабасы ауданында заманауи қыш зауыты пайдалануға берілді. Ықыластемір елді мекенінде орналасқан өндіріс орны «Altyn Land» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жеке инвестициясы есебінен салынған. Нысанның ашылу рәсіміне қатысқан облыс әкімі Нұралхан Көшеров зауыт ұжымына табыс тілеп, жаңа кәсіпорынның өңір экономикасы үшін маңыздылығын атап өтті.