Жамбыл облысында туризм, сауда және қызмет көрсету салалары бойынша жаңартылған Салалық кеңес өз жұмысын бастады. «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасында өткен алғашқы отырысқа кеңестің жаңа құрамы қатысты. Жиынға кеңес төрайымы Қарлығаш Аралбекова жетекшілік етті. Басқосуда өңірдің туристік әлеуетін арттыру және кәсіпкерлікті қолдау мәселелері талқыланды