Қызылорда облысында ҚР Парламенті Сенатының Қаржы және бюджет комитетінің мүшелері өңірде жаңартылған заңнама талаптарына сәйкес бюджеттік процесті іске асыру мәселелері бойынша көшпелі отырыс өткізді. Маңызды жиынға қатысушылар облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысып, өңір басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың жан-жақты баяндамасын тыңдады.