Жетісай ауданында жастар практикасы аясында еңбек етіп жүрген жас маман — Бақтыкерей Әбдіраш. Ол 22 жастағы информатика пәнінің мұғалімі, мүмкіндігі шектеулі болса да, өмірге деген құлшынысы ерекше. Ұстаздық жолды жүрек қалауымен таңдаған ол шәкірттеріне біліммен қатар, жігер мен сенім ұялатып жүр. Әріптестері оның еңбекқорлығын, сабырын және шәкіртпен тіл табыса білетін қасиетін жоғары бағалайды.
