Бүгін Таразда республикалық кәсіби шеберлік байқауының облыстық кезеңі — «JasSkills Kazakhstan-2025» өз мәресіне жетті. Аталған байқау – тек кәсіби сайыс емес, ол Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген басым бағыттардың нақты көрінісі. Президент ел дамуының негізі — адами капитал екенін және жұмысшы мамандықтардың беделін арттыру қажеттігін бірнеше мәрте атап өткен болатын. Осы орайда жастарға ерекше көңіл бөлініп келеді.