1 Авг 2025, Пт

ЖАС СПОРТШЫ – МЕКТЕП МАҚТАНЫШЫ

Түркістан қаласындағы Мәншүк Мәметова атындағы №6 жалпы білім беретін мектеп – сапалы білім беріп қана қоймай, өнер мен спортта да үздіктерді тәрбиелеп келе жатқан білім ордасы. Бүгінде бұл мектептен түлеп ұшқан түлектердің көбі республикалық деңгейде танылып жүр. Биыл мектепті 29 оқушы тәмамдаса, олардың барлығы ҰБТ-дан жоғары нәтиже көрсетіп, 3 оқушы «Алтын белгі», 2 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. Ал спорт бағыты бойынша Мағжан Байдулла – ерекше мақтаныш.