Тараз қаласындағы №67 мектепте «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында ерте кәсіби бағдар беруге арналған іс-шара өтті. Шараға оқушылар, ата-аналар, ұстаздар және қоғам өкілдері қатысты. Жиынның мақсаты – жас буынды адалдыққа, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу және олардың болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға бағыт беру.