Түркістандық жас баскетболшылар республикалық жарыста топ жарды. Ататүрік атындағы №17 мектеп-гимназиясының 5–6 сынып оқушыларынан құралған баскетбол құрамасы Ұлттық мектеп лигасының республикалық кезеңінде екінші орын иеленді. Жарыс осы айдың 19-26-сы аралығында өтті.