28 Авг 2025, Чт

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ СУИЦИД

Қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – адамның өз-өзіне қол жұмсау деректері. Өкінішке қарай, соңғы кездері қоғамда суицид оқиғалары, әсіресе жасөспірімдер арасында жиілеп кетті. Бұл – бүкіл қоғам болып назар аударатын күрделі мәселе. Жастарды мұндай қадамға не итермелейді? Біз оларға қалай қолдау көрсете аламыз? Бұл сұрақтар төңірегінде қала тұрғындарының пікірін тілшіміз біліп қайтты.