16 Сен 2025, Вт

ЖАСТАР ТУРИЗМІН ДАМЫТУҒА ЖАҢА КӨЗҚАРАС

Таразда туризм, сауда және қызмет көрсету саласы бойынша Салалық кеңестің кезекті отырысы өтті. Қатысушылар балалар-жасөспірімдер туризмін дамыту, мамандарды даярлау және жастардың спортта өсуіне жағдай жасау мәселелерін талқылады. Күн тәртібінде ішкі туризм мен қосымша білім беруді дамытуға бағытталған бастамалар қаралды.