Өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік өтті. Бұл бастама қоғамның барлық өкілін – қарапайым тұрғындардан бастап мемлекеттік органдар, бизнес және құқық қорғау құрылымдарына дейін біріктіруде. Бұл күн Жамбыл облыстық жастар ресурстық орталығының бастамашылдығы мен жауапкершілік танытқан әрекетінің айқын көрінісі болды.