Қазіргі таңда бұқаралық ақпарат құралдарының ішінде жастарға арналған басылымдардың орны айрықша. Ел болашағы — өскелең ұрпақтың дүниетанымын қалыптастыру, ақпараттық кеңістікте бағыт-бағдар беру — баспасөздің басты міндеттерінің бірі. Осы орайда елімізде түрлі деңгейдегі жастар басылымдары қызмет етіп, жас буынның жан-жақты дамуына, ұлттық құндылықтарды бойына сіңіруіне және өз ойын ашық жеткізуіне мүмкіндік беріп отыр.