Жамбыл облысында Жеңістің 80 жылдығына орай патриоттық рухты арттыруға және тарихи жадыны жаңғыртуға бағытталған «Ардагер өсиеті» республикалық жастар марафоны өтті. Іс-шараны – Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастырды. Шараға Ардагерлер кеңесінің өкілдері, облыстық және аудандық жастар ресурстық орталықтарының мамандары, волонтерлер, қоғам белсенділері қатысты.