Тараз қаласында «Құрғақ құрылыс және сылақ жұмыстары» атты халықаралық шеберлік орталығы ашылды. Бұл орталық жастардың кәсіби тұрғыда өсуі мен жұмысқа орналасуы үшін жаңа алаңға айналмақ. Іс-шара Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жарияланған Жұмысшы мамандықтары жылы аясында өтті. KNAUF халықаралық компаниясының қолдауының арқасында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінің базасында студенттер заманауи технологияларды игеріп, еңбек нарығындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік алады