15 Сен 2025, Пн

ЖАНҰЯ АМАНДЫҒЫ – ЕЛ БОЛАШАҒЫ

Таразда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған әлеуметтік көмек көрсету орталығы 2014 жылдан бері жұмыс істеп келеді.. Бастапқыда 25 орындық болған бұл мекеме қазіргі уақытта кеңейіп, қызмет көрсету мүмкіндігі артты. Орталықта отбасылық құндылықтарды насихаттауға және зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған тұрақты ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізіледі, сондай-ақ психологиялық және құқықтық көмек көрсетіледі.