Бүгін Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Ел бірлігі – мемлекеттің негізі: өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық бағытының басты негіздері» тақырыбындағы XXVIII сессиясы өтті. Жиынға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев төрағалық етті. Сессия барысында өңірлік Ассамблеяның стратегиялық дамуының негізгі мәселелері талқыланып,алдағы жоспарлар сараланды.