25 Сен 2025, Чт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ДАМУ ҚОРЫТЫНДЫЛАРЫ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеевтің төрағалығымен өткен аппараттық кеңесте өңірдің сегіз айдағы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері қаралды. Жиын барысында облыс экономикасының, мемлекеттік сатып алу, кәсіпкерлік және қорғаныс салаларындағы атқарылған жұмыстар талқыланды.Сонымен қатар, қоғамдық-саяси ахуалдың жай-күйі мен күзгі дала жұмыстарының барысы бойынша басқарма басшыларының есептері тыңдалды.