24 Апр 2025, Чт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ҚЫЗҒАЛДАҚ МҰРА» ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ФЕСТИВАЛІ ӨТЕДІ

2025 жылғы 2-3 мамыр күндері Жамбыл облысында «Қызғалдақ мұра» халықаралық фестивалі өтеді. Іс-шараны Жамбыл облысы әкімдігінің кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық дамыту басқармасы ұйымдастырып отыр. Фестиваль өңірдің табиғи және туристік әлеуетін арттыру, биоалуантүрлілікті сақтау және Грейг қызғалдағының отаны ретінде Жамбыл облысын халықаралық деңгейде таныстыруды мақсат етеді.