23 Июл 2025, Ср

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА «ҚАЗСУШАР» ФИЛИАЛЫНА ЖАҢА ТЕХНИКА БЕРІЛДІ

Жамбыл облысы бойынша «Қазсушар» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы арнайы техникалар паркін едәуір толықтырды. Жалпы саны 51 бірлік жаңа заманауи техника пайдалануға берілді. Жаңа техниканың кілтін табыстау салтанатына ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев арнайы қатысты.