Бүгін Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметовтің төрағалығымен халықты жұмыспен қамту мәселелері бойынша кеңес өтті. Жұмыс сапары аясында вице-министр облыс басшылығымен кездесіп, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге бағытталған шаралардың жүзеге асырылу барысын талқылады.