15 Июл 2025, Вт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА СУ АЙДЫНДАРЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Қазақстан Республикасының су айдындарында орын алып жатқан қайғылы оқиғалар мен адам өлімі фактілерінің көбеюіне байланысты Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді шаралар ұйымдастыруда. Басты назар – қайғылы жағдайлардың алдын алуға және халықтың судағы қауіпсіздік ережелерін сақтау бойынша хабардарлығын арттыруға бағытталған.