16 Окт 2025, Чт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ПОЛИЦЕЙЛЕР 66 КЕЛІ ЕСІРТКІНІ ТАСЫМАЛДАУ ӘРЕКЕТІНІҢ ЖОЛЫН КЕСТІ

«Қарасора-2025» жедел-алдын алу іс-шарасы аясында Ішкі істер министрлігінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті, облыстық Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы және патрульдік полиция қызметкерлері бірлесіп, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық автожолының 583-шақырымында «Audi-100» маркалы автокөлікті тоқтатты.