15 Авг 2025, Пт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА МИНЕРАЛДЫ СУ ӨНДІРІСІ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Жуалы ауданына жұмыс сапары барысында «Ақсай Жуалы» минералды су өндірісінің іске қосылу салтанатына қатысты. Өз сөзінде аймақ басшысы өндірістік инфрақұрылымды дамыту мен инвестиция тарту – Мемлекет басшысы жүктеген негізгі міндеттердің бірі екенін атап өтті.