31 Май 2025, Сб

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДА ЗАҢСЫЗ БАЛЫҚ АУЛАУ ДЕРЕГІ АНЫҚТАЛДЫ

Жамбыл облысында полиция қызметкерлері балық шаруашылығы инспекциясының өкілдерімен бірлесіп, «Уылдырық» жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында заңсыз балық аулау дерегін анықтады. Ер адамның Мойынқұм ауданы маңындағы көлдердің бірінде ескекті қайықпен, жалпы салмағы 45 келіден астам балықты заңсыз аулап үлгергені белгілі болды.