Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Қазақстан халқына Жолдауында айқындалған міндеттерді талқылап, оларды орындау жолдарын пысықтау мақсатында кеңейтілген кеңес өткізді. Басқосуға құқық қорғау және мемлекеттік органдардың, басқармалардың басшылары, мәслихат депутаттары, саяси партиялар, зиялы қауым, үкіметтік емес ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, сондай-ақ жастар қатысты.