Жамбыл облысында жаңартылатын энергия көздері қарқынды дамып келеді. Соның ішінде Сарысу ауданында табысты жұмыс істеп тұрған «Шоқпар» жел электр станциясы – халықаралық ынтымақтастық нәтижесінде жүзеге асқан ірі жоба. Станция құрылысына Еуропалық қайта құру және даму банкі қолдау көрсетіп, жобаға Жасыл климаттық қор мен Таза технологиялар қорының жеңілдетілген қаражаттары тартылды.
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ «ЖАСЫЛ» ЭНЕРГЕТИКАНЫ ДАМЫТУ: ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ НӘТИЖЕЛЕРІ
