1 Авг 2025, Пт

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС ШАҚЫРЫЛҒАН СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Таразда Жамбыл облыстық мәслихатының VIII шақырылымының кезектен тыс жиырма төртінші сессиясы өтті. Сессияда өңірдің әрмен қарай дамуына бағытталған бірнеше стратегиялық маңызды мәселелер қаралды. Мұнда депутаттар күн тәртібіндегі тоғыз тармақ бойынша пікір алмасты және шешім қабылдады.