. Бүгін, Республика күні қарсаңында, Жамбыл облысы үлкен сыйлыққа ие болды. Аса орталық ауылында жаңа Мәдени-сауықтыру кешенінің салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты рәсімге Жамбыл облысының Әкімі Ербол Қарашүкеев қатысты. Ол аудандық бюджет есебінен салынған бұл нысан өңірдің әлеуметтік дамуының кілті екенін атап өтті.

