1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Жамбыл ауданында «Бақытты балалық шақ» он күндігі өтуде. Бұл бастаманың басты мақсаты – балғындардың денсаулығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, олардың жарқын болашағына жол ашу. Осы он күндік аясында бірнеше ауқымды шаралар жоспарланған. Соның бірі – аудандық емхана жанынан ашылған «Даму және ерте араласу» орталығы. Толығырақ алдағы сюжетте.