Өңірде Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы мен техникалық және кәсіптік білім беруді дамыту орталығының ұйымдастыруымен 16-19 маусым аралығында Жамбыл политехникалық жоғары колледжінде «WorldSkills Jambyl-2025» облыстық чемпионаты өтуде. Чемпионатқа облыстық кәсіпкерлер палатасының өкілдері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының қызметкерлері мен студенттері, сарапшылар мен әлеуметтік әріптестер қатысуда.